Болгариядағы қозғалмайтын мүлік

Болгар ас үйі

+7 776 117 0000
Кейдейсоқ статьялар
Болгар ас үйі
Болгар ас өзінің әртүрлілігі және дәмділігімен ерекшеленеді. Оған салаттар, нан өнімдері,  рагу, сондай–ақ мемлекеттің кейбір аймақтарында ғана дәмін тата алатын арнайы тағамдар. Көптеген тағамдар ежелден ұрпақтан ұрпаққа тарап келе жатқан ас мәзірі бойынша дайындалады.

Болгарияның дүниежүзінде белгілі тағамы, бұл  йогурт  және рассолдағы ақ ірімшік. Әртүрлі түрлілігімен ол әрқашан болгар ас үстелінде әрқашан  болады.

Мемлекеттегі ең кең тараған және сүйікті тағамдарының бірі қатпарлы қамырдан жасалынатын- баница пирогы. Оны әртүрлі салындылармен жасайды – ірімшік, шпинат, күріш, ет және т.б.

Басқа да әйгілі тағамдарына блинчиктер, жұмсақ нан, пончиктер, қуырылған тілім және т.с.  Бұлардың барлығы  вареньемен, повидломен, балмен немесе сол йогурттын өзімен дәмді.

Мемлекетте сенгісіз өте дәмді жидектер өндіріледі.  Сондықтан біздің ас үй дәстүрінде салаттар ең жоғарғы орынды алады десек те болады.  Болгариядағы ең әйгілі салаттардың бірі  бұл  шопский салаты, сонымен қатар басқаларын да – пастуший, жнецовский, „Снежанка”, монашеский, добруджанский, пысырылған тәтті бұрыштан дайындалған салат және басқаларын да татып көруіңізге болады.

Йогуртты, қиярды, укроп, ұсақталған жаңғақ және дәмдеуіштерді суға ерітіп дайындалатын сергіткіш тағам бұл  таратор деп аталады.

Мемлекетте көженің көп түрлері үлкен сұранысқа ие. Тоқтала кететін болсақ, піскен бұршақтан жасалған дәмі бал үйіретін көженің дәмін Родоп тауы бөктеріндегі Смилян ауылының маңында тати аласыз. Балықтан  дайындалатын ерекше көжелердің дәмін Қара теңіз бен Дуная жағажайларының аймақтарынан тати аласыз.

Әдетте үстелге екінші тағам ретінде торда пісірілген котлеттер, кебаптар, кәуаптар, шұшықтар және т.б. ұсынылады.  Болгарияда рагудың әртүрлері және гювечета деп аталынатын саз ыдысқа пісірілген тамақтар кең тараған, ал саздан жасалған жалпақ таба – гювеч деп аталады. Банско аумағындағыларға чомлек, каварма, капама және тағы басқалары жатады.

Сүйікті ас мәзірінің бірі – бұл үлкен немесе кішкентай голубцы (Болгариядағы атау – сармичкілер). Бұл жүзім жапырағы немесе тұздалған қырыққабат жапырағына ет не/немесе күрішті орап дайындалынатын тағам түрі болып табылады. Олар екеше сұранысқа Фракия жақта ие.

Болгар ас үйінің фирмалық тағамдарының бірі  чеверме – вертелде пісірілген қозы. Көбінесе мұны Родопада кездестіруге болады, бірақ бұл тағам мемлекеттің басқа аймақтарында да кеңінен тараған.

Ингридиент ретінде Болгарияда өте көп қолданылатын картоп болып табылады.  Ең әйгілі жергілікті тағамдарға огретен (пісірме), пататник (Родопада), рагу, қуырылған картоп және т.б. кіреді .

Болнарияда ет шұжығының және деликатестердің көр түрлері дайындалады. Олардың ішіндегі ең әйгілісі бұл  - суджук.  Бұл тағамды мемлекеттің барлық түпкірінде дайындайды, бірақ бұрынғы дәстірлі дайындау Горна-Оряховиц тауының маңында анағұрлым  сақталған.  Әйгілілігі жағынан осыған ұқсас деликатес түрі бұл Банско тауының атауымен аталатын  „Банский старец” тағамы. Елена қаласы және Стара-Планинаның осы жақ бетінің аумақтарында тұздалған шошқа етінен дайындалатын „еленский окорок” деп аталатын тағамның дәмін татып көруге болады.

Бұл деликатестердің барлығы тамаша шараппен өте үйлесімді, ал Болгария өзінің шараптары мен оның ерекше дәмімен әйгілі болып келеді.  Бұған әмбебап климат және қажетті жер қойнауы, сондай-ақ жергілікті жүзім түрлері оң әсерін тигізеді:  гамза (Солтүстік  Болгария), кең  мелнин шиені ( Мелник және  Сандански қалаларының маңы), димят (Варна, Шумена және  Стара-Загор маңы ), мавруд (Пловдив, Пазарджик, Асеновград), қызыл мускат (Стралджа және  Сунгурларе), рубин (Пловдив және  Септември) және памид (Пазарджик, Памидово  және  Пловдив).

Басқа әйгілі өткір спиртті ішімдік бұл ракия. Бұл жүзімнен және басқа да жемістерден, сондай-ақ қара өріктен (Троян және  Тетевен қалалары маңы), абрикостан ( Тутракан, Силистра, Добрич қалалары маңы), смоковница, алмұрт, алыч, айва   және т.с.с.  дайындалады.  Ал раушан гүлі аумағында  (Карлово  және Казанлык)  ракияны болгарлық майлы раушан гүлі жапырақтарынан дайындайды.

Осымен болгар тағамдары мен сусындарының тізімі тамамдалған жоқ. Мемлекеттің тағамдық ғажайып дәмдерімен танысу үшін оны толығымен саяхаттап шығу қажет, өйткені оның әр түпкірі өзіне  ғана тән ас үй дәстүрлерімен  ерекшеленеді.
 
Жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Актуальды