Болгариядағы қозғалмайтын мүлік

Болгария шаңғы курорттары

+7 776 117 0000
Кейдейсоқ статьялар
Болгария шаңғы курорттары
Болгария территориясының 30% жақын аумағын таулар алып жатыр. Олар рельефтері бойынша әртүрлі және келушілері үшін демалыс, спорт және көңіл көтеруге әртүрлі гамма мүмкіндіктерін ұсынады. Мұнда туризм үшін қыста да, сондай-ақ жазда қажетті жағдайлар жасалған. Ортабиіктікті және жоғарыбиіктікті таушаңғылы курорттарда шаңғы маусымының ұзақтығы шамамен 130 күн. Олар қысқы спорт түрімен айналысуға және ғасырлы орман салқынымен жазда демалыс үшін тамаша жағдайлар ұсынады.


http://www.zoomania.org/wp-content/uploads/2012/02/i_1282578037_DSCF1584.jpgРила  және  Пирин таулары  альп сипатына ие. Олар тік таулы асуларымен, үшкір төбелерімен, терең және түпсіз алқаптарымен ерекшеленеді. Болгарияда және Балқан түбегіндегі ең биік шыңы Рила тауында орналасқан  –  Мусала шыңы (2925 м). Мұнда Болгарияның көзге көрінерлік –2095 м-ден 2535 м. дейінгі биіктікте орналасқан  жеті мұзды көлі бар. Рила тауында орналасқан ең ірі курорт – Боровец, ол өте жақсы шаңғы жолы мен тау қонақжайларымен ерекшеленеді. Таулы, шаңғылы және спа-туризмнің ерекше үйлесімділігін  Паничиште және  Сапарева-Баня ұсынады.  Малевица, Семково және Говедарци шаңғы орталықтары өзінің әмбебап табиғатымен таң қалдырады.




 
http://labirint.travel/hotel/img_big/13738_03.jpgТаулы және шаңғылы туризмді жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды Пирин тауы ұсынады, олардың табиғи жағдайы мен курорты– Банско, Добриниште, Предела, «Попови ливади” базасы, „Каменица” базасы және басқалар. Банско – соңғы жылдары таушаңғылы спорт және биатлон бойынша әлемдік және европаық кубоктар өтетін еуропалық және әлемдік деңгейдегі курорт. Банско өзінің та жолымен, мейманханаларымен және дәстүрлі пириндік ас мәзірімен таң қалдырады.  Добриништенің   Предела аумағындағы демалу базасы да көптеген демалу және көңіл көтеру кешендерін ұсынады.  Пирин тауында үлкендігі бойынша Болгарияда екінші және Балкан түбегіндегі үшінші  шың  - Вихрен (теңіз деңгейінде 2914 м) бар. Ұлттық саябақ -  «Пирин» саябағы ЮНЕСКО эгидосы астында орналасқан.




 
http://natsi.ru/guidebook/pictures/range_3.jpgСтара-Планина таулары  - болгар тауларының ең ұзыны. Олар Балкан таулары ретінде әйгілі, осыдан түбек атауы пайда болған. Стара-Планина мемлекетті екі бөлікке бөледі – солтүстік және оңтүстік. Бұл таулар көптеген бағыттарымен белгілі. Шыңының ең биігі - Ботев (теңіз деңгейінде 2376 м). В горах Стара-Планинада ерекше таулы, шаңғылы не/немесе спа-туризмді демалыстарды Берковица, Рибарица, Белоградчик, Беклемето, Узана, Карандила, Чипровци, Выршец, Троян, Тетевен, Априлци, Трявна, Елена, Котел, Жеравна, Боженци және тағы көптегендері ұсынады. Тауларда орналасқан монастырлар болгар сенімінің қамалымен танысуға мүмкіндік береді. Стара-Планина тауларына жақын және параллельді Болгарияның екінші тау тізбегі – Средна-Гора өтіп жатыр.
 




http://www.turizamiotdih.com/files/images/153-e1325587007199.jpgРодопы таулары Орфея таулары ретінде әйгілі, және батыс жоғары таулар және шығыс төмен таулар болып  бөлінеді. Мұндағы ең үлкен курорт – Пампорово. Ол ерекше орман ішінде орналасқан, ал құздары әлемдік деңгейде. Демалу жағдайларын сондай-ақ  Чепеларе, Юндола, Белмекен, Батак және Бяла-Черква да ұсынады. Туристер Момчиловци, Гела, Долен, Лештен, Ковачевица, Широка-Лыка және тағы көптеген родоп ауылдарының ерекше архитектурасын тамашалауға, дәстүрлі родоп ас мәзірінің тағамдарының дәмін татуға мүмкіндіктері  бар.  Тауларды жайлы жағдайлар ұсынатын туристік базалар да бар. Таудың ең жоғарғы шыңы – Голям-Перелик (теңіз деңгейіндегі 2191 м).

Витоша тауы София астанасына жақын орналасқан. Ерекше әдемі табиғатына, көптеген бағыттарына және ерекше орындарына байланысты, бұл таулы экологиялық туризмге өте қолайлы жер болып табылады. Мұнда  Балқан түбегіндегі ең ежелгі табиғи саябағы - «Витоша» табиғи саябағы орналасқан. Витошада қысқы айларда шаңғы және сноубордпен сырғудың ерекше жағдайларын ұсынатын - „Алеко” және „Конярника” демалыс орындары бар.  Витоша тауының ең жоғарғы шыңы  - Черни-Връх (теңіз деңгейіндегі 2290 м).

 Осоговска-Планина тауларында шаңғымен сырғанауды Людмила Янкова атындағы жолы ұсынады, ал таудың солтүстік- шығыс бетінде Вылчи-Дол түсуі жоқ. Таудың ең жоғарғы шыңы – Голям-Перелик (теңіз деңгейіндегі 2251 м)
Беласица тауларында таулы жаяу жүру туризмі жағдайлары да жасалған. Туристерге 2 туристік база өз қызметін ұсынады. Ең жоғарғы шың  - Радомир (теңіз деңгейіндегі 2029 м).

Странджа  таулары басқа болгар тауларынан төмен рельефтілігі мен одан да жұмсақ климатымен ерекшеленеді. Бұл жердің табиғаты өте бай және өсімдіктер мен жануарлардың көп түрлері мекендейді.

Болгария таулары барлық маусымдарда қонақжай болып табылады, бірақ оның әдемі табиғатында демалу үшін ол туралы метрологиялық шарттар мен таңдаулы бағыттары туралы толығымен ақпараттануды ұмытпағаныңыз жөн.
 
 

 
Жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Актуальды