Болгариядағы қозғалмайтын мүлік

Болгариядағы зейнеткерлік

+7 776 117 0000
Кейдейсоқ статьялар
Болгариядағы зейнеткерлік
болгариядағы зейнеткерлікБіздің көптеген тұтнушыларымыз  – Европа. Қазақстан және ТМД елдерінің басқа мемлекетттері Болгарияны зейнеткерлік кезіндегі қолайды мемлекет ретінде таңдайды. Мұндай қызығушылықтың себебі неде?
 
  • Болгария заңы шетел зейнеткерлеріне олардың тұрғын үйлері мен тұрақты алатын зейнетақысы болған жағдайда (Болгарияның шетелдіктер туралы заңының 24 бабы, 10 тармағы, соңғы басылымы 28.1.2011 ж.) заңды түрде мемлекетте тұрақтауға мүмкіндік береді;
  • Үлкен жастағы адамдар бұл жерде менталитет, мәдениет және тіл шектеулігінің жақындығына байланысты өздерін өте қолайлы сезінеді;
  • Тамақ пен қызмет көрсету бағасының мөлшері бұл жерде ТМД қалаларымен салыстырғанда анағұрлым төмен, сондықтан, зейнеткер толығымен өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алады;
  • Болгариядағы өмір қарқыны тыныш, күйзеліссіз болып табылады. Таза табиғат, жұмсақ климат, таза ауа және ауруханалардың көптігі зейнеткердің денсаулығын қалпында сақтауға мүмкіндік береді;
  • Көптеген зейнеткерлер қуанышпен өз балалары мен немерелерін қонаққа шақырады.
 
Зейнеткерлердің мекендеу қағазын алу процедурасы қиын емес десек те болады. Ол туралы толығырақ тоқталсақ.
 
Бірінші саты. Д деп атадатын визаны дайындау үшін Қазақстндағы Болгария Республикасының консулдығына құжаттар пакетін дайындау.
 
Мемлекетте өмір сүру қажетті ақша қаражаты бар зейнеткерлерге Д визасын алу үшін келесі құжаттар тізімі қажет:
 
1. Шетелге шығу төлқұжаты;
 
2. Бекітілген үлгідегі өтініш;
 
3.  3,5/4,5 өлшеміндегі 2 дана түрлі-түсті фотосурет;
 
4. Өтініш беруші шетелге шығу төлқұжатының фотокөшірмесі;
 
5.  Өтініш беруші зейнетақы алатындығыг дәлеледейтін сәйкес мемлекеттің құзыретті органы беретін дәлелі :  болгар тіліне аударылған және расталған соңғы 3 айдың зейнетақы мөлшері;
 
6. Шотында ең аз дегенде 2500 лв (немесе  1250 евро сомасының эквиваленті) өтініш берушінің банктік шотының бар екендігін дәлелдейтін құжат.  Бұл ақша қаражатын шотқа салып, анықтама алып, өз еркіңізбен ары қарай қолдана аласыз. Шотты ашу бойынща  компания қызметкерлері көмектеседі, клиенттер тек шетелге шығу төлқұжаты ғана қажет. Шотты дистанционды түрде сенімхат негізінде де ашуға болады.
 
7. Мемлекетте өмір сүру кезінде тұрғылықты үйінің бар болуы –  мекен-жайы  (меншікті сатып алу құқығын растайтын нотариалды акт негізінде расталады);
 
8. Аударылған және легализацияланған зейнетақы төлқұжаты;
 
9. Алатын зейнетақы мөлшері туралы анықтама (Д категориясы бойынша заңмен ешқандай минималды зейнетақы мөлшері белгіленбеген)
 
Ұзақ мерзімді визаны дайындау үшін құжаттар тек қана өтініш берушінің өзімен Қазақстан Республикасындағы Болгария консулдыгына тапсыруы қажет!
 
Визаны дайындау мерзімі шамамен 1- 2  ай.
Визаға консульдық жинақ –  шамамен  100 евро.
 
Д визасын әдетте көп рет кіруге арналған  (яғни, рұқсат берілген мерзім ішінде шектеусіз кіру және шығу мүмкіндігін береді) және әдетте жарты жылға беріледі.  Болгарияға осы визамен келген зейнеткер ІІМ –нің Миграция бөліміне тіркелуі қажет және орта мерзімді виза ВНЖ статусын алу үшін құжаттарын тапсыруы қажет. Бұл деңгейде орыс тілін жетік меңгерген заңгер Миграции қызметіне шығарып салады және қажетті құжаттар мен шетел азаматының жеке карточкасын толтыруда көмегін тигізеді.  Осы құжаттарды тапсырып, ары қарай уақытша 1 жыл мекендеу үшін рұқсат алуға тапсырады.  Ары қарай жыл сайынғы мекендеу ұзартылып отырады.
 
 
Екінші саты.  Тұрғылықты жері бойынша Болгарияның Полиция Миграция бөліміне  шетелдіктің бір жыл бойы мекендеуіне рұқсат беретін жеке карточкасын алуға құжаттары тапсырылады :
 
  1. Шетелге шығу төлқұжаты;
  2. Белгіленген үлгідегі өтініш ( сол жерде толтырасыз);
  3. Ішкі Істер Министрлігі жүйесінде мемлекеттік такса бойынша салынатын  №4 Тарифтер бойынша 10 бабы, 4 тармағына сәйкес мемлекеттік таксасын төлегені туралы құжат. (шамамен сомалары төменде келтірілген)
  4. Фотосуреті, жеке деректері, визасы және мемлекетке соңғы рет кіргендігін растайтын мөрі бар шетел төлқұжатының көшірмесі;
  5. Шетел азаматының Болгарияда мекендеу мерзімінде тұрғын үйінің бар екендігін растайтын құжаттар (меншік иесін растайтын нотариалды акт)
  6. Аударылған және расталған зейнетақы төлқұжаты;
  7. Алатын зейнетақы мөлшері бойынша анықтама  
 
Рәсімдеу үшін мемлекеттік таксалар:
6 айға дейін мекендеу үшін  - 100 евро.
1 жылға дейін мекендеу үшін - 250 евро.
 
"Миграция" бөлімі құжаттарды шамамен 3 апта мерзімінде қарастырылады  және бұл мерзім өткеннен кейін шетел азаматына мемлекетте  мекендеу құқығын беретін шетел азаматының карточка беріледі. Карточкамен қоса, шетел азаматына  ШНЖ- шетелдік азаматтың жеке номірі беріледі. Бұл картада шетел азаматы туралы ақпарат, оның мекендеу негізі мен рұқсат мерзімі көрсетіледі. Бұл шетелдіктің Болгариядағы негізгі құжаты болып табылады. Картаның жарамдылық мерзімі және мекендеу рұқсатының мерзімі өткеннен кейін оны жыл сайын осы процедурамен жаңартып отырасыз (миграцияға құжаттар тапсырылады және мекендеу мерзімі ұзартылған жаңа карточка беріледі). 
 
Зейнеткердің Болгарияда мекендеуге рұқсат қағазын алу схемасын анығырақ құрылымда келесідей көрсетуге болады:
 
Мекендеу құжатын алу процедурасы
 
Қазақстанда Құжаттар пакетін дайындау, аудару және легализация
Визалық  тариф:
  • Жарты жылға виза жинағы  – 100 евро
  • Құжаттарды рәсімдеу мен аудару шығындары
«D»  визасын алу үшін Болгария Республикасының консульдыгына құжаттарды тапсыру (дайындалу мерзімі  –  2 айға дейін)
«D» визасын алу
Болгарияда «D» визасы бойынша Болгарияға бару
 
  • Мемлекеттік салым:  250 евро
Құжаттарды рәсімдеу мен аудару шығындары
Жергілікті «Миграция» бөліміне ұзақ мерзімді мекендеуге рұқсат алу үшін құжаттар пакетін тапсыру ( дайындалу мерзімі шамамен  1,5 ай)
Шетелдіктің жеке картасын ұзарту
Картаны рұқсат мерзімінің жарамсыздығы себебімен ұзартуы
 
 
 
 
 
Егер сұрақтарыңыз болса, біздің кеңес берушілерімізге қойыңыз, Олар Сіздерге толығырақ ақпарат береді, сондай-ақ миграциялық заңдылықтың соңғы өзгерістері туралы хабардар етеді.
 
Таныс статьялар
11/02/2015 Пайдалы
...
Жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Актуальды