Болгариядағы қозғалмайтын мүлік

Бальнеологиялық курорттар

+7 776 117 0000
Кейдейсоқ статьялар
Бальнеологиялық курорттар
 Албена  курорты

http://www.icstrvl.ru/data/2013/03/25/3422295880/3%CD%EE%E2%EE%E5%20%E8%E7%EE%E1%F0%E0%E6%E5%ED%E8%E5.JPG Албена -  Варна қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км және Алтын құмдардан 15 километр қашықтықта орналасқан   бальнеобалшықтық теңіздік климаттық курорт. Жазда ауа температурасы 25° С  асадаы және көбінесе  29-33° С жетеді. Су температурасы маусым, шілде, тамыз айларында 22-25° С шегінде болады. Тастар мен балдырларсыз теңіз. Жазда ыстық теңіз желдерімен жұмсарады.

Негізгі шипалы факторлар

Минералды су - гипотермалды (30° С) төменминералданған (0,64г/л)  гидрокарбонатты-магний-натрилі сілтілік (pH 7.39), ішу арқылы емдеу үшін қолданылады.  Шипалы лимандық балшықтар - жоғарыминералдандырылған - 65.8 г/л, құрамындағы сульфаттардың концентрациясы жоғары болып келеді. Бастырмалар жасау және аралас ванналар (минералды және теңіз суларымен бірге) алу үшін қолданылады.
Емдеуге арналған негізгі көрсетілімдер:

• тірек-қозғалғыш жүйелерінің аппаратының аурулары (қозбалы этиология және зақымданудан кейінгі жағдайда, әртүрлі дәрежеде көрінетін ауыршандық синдром және қозғалу функциясының бұзылуы кезінде болатын аурулар);
• перифериялық жүйке жүйесінің аурулары;
• ас қорыту ағзаларының аурулары;
• жүрек-тамырлары жүйесінің аурулары;
• тыныс алу мүшелерінің аурулары;
• гинекологиялық аурулар (оның ішінде генезис қабынуының ұқым бере алмаушылығы);
• эндокриндық жүйенің аурулары және заттар алмасуының бұзылуы;
• тері аурулары. 


 
Алтын құмдар – Варнаның солтүстік-шығысынан 17км қашықтықта орналасқан бальнеоклиматтық теңіздік курорт.  Бұл болгарлық Қара теңіздің ең атақты курорттарының  бірі. Алтық құмдар орман, күн, жылы теңіз және алтық құмды жағалаулардың ьамаша үйлесімділігімен белгілі. Жағалау ұзындығы 4 километр, ал ені  50 ден 100 м аралықты алып жатыр. Демалыс орнын қоршап тұрған ормандар, салқын ауа алып келіп, ауаны оттегімен қанықтырады.

Бұл жерде  континентальды ықпал элементтері бар теңіздік климаторнаған.  Жаз мезгілінде ауаның орташа температурасы 27/29° С, ал судікі 23/24° С. Жазғы ыстықты жұмсартатын жеңіл теңіз желдері орын алады.
Негізгі шипалы факторлар

Тамаша климат, уникалды саябақ, теңіз балғындығы, ұсақ алтын құм және ыстық күкірт қайнар көздері.Климаттық және талассотерапияларды жүргізуге демалыс орнының желдерден қорғалғандығы жағымды әсер етеді. Сумен емдеу, шипалы дене шынықтыру, сонымен қатар термальды сульфатты-гидрокарбонатты-кальций-магнийлі минералды сулар мен лиманды күкірт балшықтары кеңінен қолданылады.  Жыл бойына бұл жерде жаратылыс табиғи  факторлар - ерекше климат, таза ауа, ультракүлгін радиация, тұздар мен микроэлементтерге бай теңіз суы, шипалы балшық және емдік өсімдіктердің алуан түрлері қолданылады. Бальнеологиялық емдеу орталығында табысты емделеді: артриттер, артроздар, күйзеліске түсу жағдайлары, невродар, созылмалы фарингиттер, бронхиттер, демікпе.
Емдеуге арналған негізгі көрсетілімдер:
  • тыныс алу мүкешелерінің аурулары;
  • жұрек-тамырлары жйесінің аурулары;
  • тірек-қозғалғыш аппаратының аурулары;
  • бүйректердің және зәр шығарушы жолдардың аурулары;
  • жүйке жүйесінің функционалды бұзылуы;
  • гинекологиялық аурулар;
  • зат алмасудың бұзылуы.
 
Термальные источники на курорте Святой Константин и Елена. Қасиетті Константин және Елена
Қасиетті Константин және Елена демалыс орны - бұл ғасырлық сауырағаш, інжір, жөке ағашы және орманды жерлерде орналасқан інжір ағаштары бар табиғи саябақ, рельефті теңіз жағалауы, кішігірім тынық шығанақтар, тыныштық пен жайшылдық, шипалы минералды қайнар көздері, теңіз деңгейінен 25м биіктіктегі теңіз самалының орман салқыны және ғасырлық ағаштардың жұпар иісімен ғажайып үйлесімділігі. Демалыс орны  100 жылдан аса уақыт бойына белгілі.
Негізгі емдеуші факторлар: 

Қасиетті Константин және Елена кукрортындағы  термальды қайнар көздердегі су әлсізминералданған (592 mg/l), магний-кальций-натри гидрокарбонатты, рекция Ph 7,2 және дебит 43 l/s. Құрамында (mg/l шаққанда): флуор -0,44; натрий сульфаты - 48,96; калий - 73,01; хлор - 65,30; гидрокарбонат - 290,51; кальций - 45,45; бром – 0,06; гидрофосфат – 0,03; магнезий – 46,86; йод – 0,04; тиосульфат – 10,7; алюминий – 4,0.  Осындай жағымды құрамға ие минералды сулар қара теңіз жағалауларына сипатты ауадағы бром және иод құрамымен, жұмсақ жылы климатпен және жылғы шуақты күндердің жоғары санының арқасында ультракүлгін сәулелердің жоғары деңгейімен үйлесе отырып, көптеген аурулар спектрін емдеуге мүмкіндік береді.
Емдеуге арналған негізгі көрсетілімдер:
  • жүйке жүйесінің, қощу, зақымдану және қайта генерациялану аурулары - невралгия, полиневрит, плексит, неврит, радикулит
  • функционалды жүйке аурулары  – неврастения,  климактериум синдромы, вегетативная дистония, бас сақинасы, күйзелістер және т.б.  
  • тыныс алу аурулары  (бронхит, бронхиальная астма, ринит, фарингит, бронхопневмониядан кейінгі жағдай), созылмалы сатыдағы тірек-қозғалыс аппаратының аурулары (подгара, ревматоидты артрит, полиартрит, периартрит, епикондилит, деформацияланған артроз және спондилоартроз, Бехтерев ауруы, Зудеков дистрофиясы және т.б.)
  • сүйек сынуына алып келген зақымданудан кейінгі қалпына келу кезеңі.
  • тері аурулары (невродермиттер, теріде ұсақ бөртпелердің пайда болуы, псориазис вулгарис)
  • ішек аурулары – әртүрлі даму сатысындағы гастриттер, колиттер  және асқазан жаралары
  • әртүрлі даму сатысындағы гинекологиялық аурулар (овариальды гипофункция, стерилитет, әртүрлі асқыну процестері)
 
Орталық Болгарияның негізгі бальнеологиялық курорттары
Велинград
Велинград қаласын Балқанның СПА астанасы деп атайды. Велинград қауымы  Батыс Родоптарында теңіз деңгейінен 700-1800 метр биіктіктегі  Чепинск шұңқырында орналасқан, ең жақын тұрғылықты орын 81км қашықтықта орналасқан—Пловдив қаласы.   80 астам минералды қайнар көздер, жұмсақ климат және тамаша табиғат қаланың байлығы мен мақтанышы болып табылады.  1951 жылы  Велинград ұлттық мәні бар бальнеологиялық курорт болып жарияланды, ал халықаралық мәртебе 1981 жылы берілді. 
Негізгі шипалы факторлар
Минералды сулар бұл жерде әлсіз минералданған, яғни құрамында 1гр/л дейін минералды заттар бар.  Су гипертермальды, гидрокарбонатты-сульфатты-натрийлі, фторлы, кварцты және родонды (құрамында 10 нКи/л концентрациядағы радон газы бар). Велинград минералды сулары жоғары температураға ие, бұл дегеніміз олардың үлкен тереңдіктен шығатынын білдіреді. Яғни олардың құрамында микроағзалардың биологиялық қоспалары болмайды және олар экологиялық таза, антропогенді ластағыштармен , гербицидттермен, пестицидттермен және т.б. ластанған. Осындай минералдарды суларды ішу, кран суын ішкеннен пайдалы, себебі ол қосымша дезинфекциялаушы заттармен зарарсыздандыруды қажет етпейді, мысалы, артық мөлшері ағзаға зиян болып келетін хлормен. 
Велинград минералды суларын Карлов Вара курортының суларымен салыстырады және көптеген ауруларды емдеуде ұсынылады.
Емдеуге арналған негізгі көрсетілімдер:
  • тері аурулары  — созылмалы экземалар, дерматоздар, нейродермиттер, аллергиялық дерматиттер, псориаз, созылмалы фурункулез;
  • тыныс алу ағзаларының аурулары— фарингиттер, синуситтер, ларингиттер, бронхиттер және бронхиалды демікпе;
  • ас қорыту ағзаларының аурулары — созылмалы гастриттер, жаралы  ауру, созылмалы колиттер, және энтереколиттер, созылмалы гепатит, холецистит, өт шығарушы жолдардың дискенезиясы, өтте тас пайда болуы ауруы, созылмалы панкреатит. Стоматиттер және гингивиттер, парадонтоздар. Бүйректе тас пайда болу ауруы,  созылмалы пиелонефрит, цистит, уретрит.
  • әйел жыныстық мүшелердің аурулары  — аднекситтер, эндометриттер және басқалар, вагиниттер және вульво-вагиниттер, бала туа алмау;
  • еркек жыныстық мүшелердің аурулары  — созылмалы простатиттер, васкулиттер, фуникулиттер, жыныстық органдардың жетіспеушілігі;
  • алмасу-эндокринді  аурулар — подагра, қант диабеті, диатездер, климакс.
  • тамыр аурулары — гипертониялық аурулар, Бюргер ауруы және  Рейно ауруы, варикозды аурулар, тромбофлебитті қосқанда, нейроциркуляторлы дистония және  атеросклероздың жеңіл түрлері.
  • жүйке жүйесінің аурулары, созылмалы невриттер және невралгия, полиневриттер, радикулиттер, вегетопатия;
 
Хисар
Хисар курорты Софиядан 160 км қашықтықта орналасқан, Пловдива солтүстігінен 42км қашықтықта. Қала жасыл орманмен, әдесі тау пейзаждарымен қоршалған.  Қала шегінде көптеген саябақтар мен бақшалар бар, сонымен қатар жеке-меншік минералды жағалауы бар. Бұл жердің климаты жұмсақ, қыстар қысқа және жылы.  Курортта ванналық бөлімдері мен бассейндері бар 7 бальнеологиялық емханалар бар, барлық емдік-диагностикалық кадинеттері бар курорттық поликлиника, балалар мен ересектерге арналған арнайы шипажайлар, қайнар көздердің жылы суымен толтырылатын үлкен ашық жүзу бассейні. 

Негізгі шипалы факторлар
Емдік минералды су, құрамында  22 минералды қайнар көздері бар. Су температурасы  28  - 52˚С аралығында, ал радиоактивтілігі — Махе  бойынша 5-тен 45 бірлікке дейін. Өзінің физико-химиялық қасиеттері бойынша су түссіз және иіссіз болып келеді, жағымды дәмге ие, әлсізминералды,  гидро-карбонатты-натрилі (сілтілік) сипатқа ие, құрамында фтор? Метакремний қышқылы және радон (10-нан 165 Эм дейін) бар сульфатты, рН 8,1 –нан  9,2 дейін; құрамында 20 астам микроэлементтер бар.  Тұздардың құрамы  200-270 мг/л. Минералды сулардың бір бөлігі әлсіз родонды.

Емдеуге арналған негізгі көрсетілімдер:
  • бүйрек пен зәр шығару жүйесінің аурулары : зәр шығаруда тас пайда болу ауруы, опреациядан кейінгі жағдай, созылмалы пиелонефрит, жеңіл формадағы созылмалы гломерулонефрит, созылмалы интерстициалды нефрит, зәршығару жүйесінің жұқпалы аурулары, бір бүйрегі бар пацеинттердің ауралрдың профилактикасы, диабет кезіндегібүйрек зақымдануы, нефросклероздың бастапқы формалары, подагра, склеродермия, периартериит; 
  • ас қорыту трактының аурулары: созылмалы  гастрит және гастродуоденит, асқазанның функционалды зақымдануы, жаралы ауру, перигастриттер және перидуодениттер, колит пен энтероколиттердің созылмалы арнайы емес, гепатитттен кейінгі жағдай,созылмалы гепатит, созылмалы холецистит, өт жолдарында тас пайда болу ауруы , созылмалы панкреатит;
  • негізгі аурулармен бірге жүретін  аурулар: артық салмақ қосу, подагра, инсулин –тәуелсіздікті  диабет; тамырлардың созылмалы аурулары және тірек-қозғалыс жүйесінің зақымданудан кейінгі жағдайы;  перифериялық жүйке жүйесінің аурулары – созылмалы невралгия және невриттер; гинекологиялық аурулар; еркек жыныс бездерінің гипофункциясы;  
  • жастық остеопороз профилактикасы; кешенді курортты-бальнеологиялық емдеу шегінде ағзаға система қабылдау.
 
Сандандық:
Қала бар болғаны теңіз бетінен 224 м биіктікте орналасқан және ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасының тізіміне қосылған, Пирин Ұлттық қорығының бір бөлігі болып табылатын кең саябақпен қоршалған.  Сандаски климаты кей жерлерінде жерортатеңіздік, солтүстік желдерден таулар сақтап тұрады, ауасы сөз жетпес таза және аллергендерсіз болып келеді. Күн шуағы жылына 280 күн түсіп тұрады. Климаты, таза ауасы және минералды қайнар көздерінің арқасында Сандански Еуропадағы брончтық демікпені емдеуге арналған  ең үздік табиғи емхана болып танылды.   

Негізгі шипалы факторлар
Сандански минералды сулары минералдануы әлсіз, иіссіз, мөлдір, температурасы 33-тен 83 Цельсии градусына дейін баратын гипертальды су. Химиялық құрамы бойынша гидрокарбонатты, құрамында кремнийдің қомақты мөлшері және аздап фтор (4-6 мг/л) кездесетін сульфатты-натрийлі, метакремний қышқылына (до 161 мг/л дейін), сонымен қатар литий, стронций, германий, бор және басқа сияқты  микроэлементтерге бай., бейтарап және аздап сілтілік реакциға ие. Санданский курортында 20 минералды қайнар көздер ашылған.

Емдеуге арналған негізгі көрсетілімдер:
  • бронхтың демікпе өзінің үш түрлі формасында: атопиялық, жұқпалы-аллергиялық және аралас, бірінші аптадан бастап-ақ ұстама жиілігі, күші және ұзақтығы бойынша денсаулық жағдайының клиникалық жақсаруы байқалады, бұған қоса емделушілердің 55 пайызында олар тіптен толығымен жоғалады.
  • өкпенің сирек кездесетін аурулары: созылмалы бронхиттер, бронхопневмониядан кейінгі жағдай, бронхоэктатикалық ауру, өкпе эмфиземасының бастапқы сатысы және басқалар.
  • жоғарғы тыныс жолдарының аурулары
  • қайта генерациялану және асқыну сипатындағы тірек-қозғалу жүйесінің аурулары: остеоартроз, ревматоидты артрит, тендовагиниттер
  • неврологиялық аурулар: плекситтер, радикулиттер
  • тері-аллергиялық аурулар;
  • кейбір бүйрек-урологиялық аурулар, сонымен қатар асқорыту жолының аурулары: гломерулонефриттер, цистопиэлиттер, гастриттер, ремиссия фазасындағы асқазан және ұлтабар  жарасы, колиттер
 
 
Кюстендил тірек-қозғалу аппаратының, жүйке жүйесінің ауруларын, гинекологиялық ауруларды (бала туа алмау), ауыр металдармен улануды емдеуге және тіліктердің жазылуына бағытталған;






Девин жүрек-тамыр ауруларында (гипертония, тамырлы-вегетативті дистония), тірек-қозғалу аппаратының ауруларынада (буын аурулары), перифериялық жүйке жүйесі мәселелерінде және зақымданудан кейін ем алуда ұсынылады;





Банкя жүрек-тамыр ауруларын, жүйке жүйесінің бұзылуын , жыныстық аяның функционалды нашарлауын емдеуде, созылмалы гастрит және колит, қант диабеті ауруын емдеуге мамандандырылған



 


Павел Моншасы -  бұл жерде тірек-қозғалу аппаратының, жүйке жүйесінің аурларын емдейді, сынулардан кейін қалпына келуге көмектеседі, гинекологиялық ауруларды емдейді. Минералды су сонымен қатар тістотығының алдын алуда пайдалы. Осы аталғандардың барлығына қоса, Павел моншасы емханасы дисктік грыжасы бар ауруларды реабилитациялауға мамандандырылған.




 Момин кіреберісі: минералды сумен емдеу аллергияға қарсы, асқынуға қарсы, иммунитеті қорғаушы және жалпы сергіткіш эффектіге ие. Бағыты – жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпе аурулары.





 
Сапарев моншасы: қалашық орталығында әрбір 20 секунд сайын температурасы 103 градусқа жететін 15 метр биіктікке минералды су шығаратын Балқандағы жалғыз гейзерімен танымал. Тыныс алу жүйесінің ауруларын, жүйке және жүрек-тамыр жүйелерінің ауруларын, қозғалу жүйесінің асқынулары мен қиындауларын емеуде ұсынылады,
 
Жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Актуальды